
Будапешт, 2025 жылғы 7 қаңтар – Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Мажарстанның Ұлттық кинематографиясы институтының директоры, Ұлттық кинокиноөндірісті дамыту жөніндегі Мажарстан Үкіметінің уәкілетті өкілі Чаба Каелмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар киноөндіріс саласындағы өзара ынтымақтастық туралы пікір алмасып, ортақ жобаларды жүргізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.
«Қазіргі уақытта Қазақстанның киноөндірісі айтарлықтай жаңа деңгейге көтеріліп, ұлттық киноға мәдени қызығушылық артып келуде. Әрине, бұл өндірісті халықаралық деңгейге жеткізу мақсатында еліміз киноөндірісті дамытуға жан-жақты халықаралық ынтымақтастық жасауға дайын», - деді Елші.
Чаба Каелдің айтуынша Мажарстан фильм түсірілім бойынша Ұлыбританиядан кейін екінші еуропалық орталыққа айналды, сондай-ақ мажар киноөндірісі 124 жылдық тәжірибеге ие. Елде бес ірі студия кешен бар және қазіргі таңда оны кеңейтуге жұмыстар аяқталуда екенін атап өтті.
Айта кетері, Голливудтің фильмдерді түсіру ең танымалы ел – Мажарстан «Evita» (1996), «The Da Vinci Code» (2006), «The Martian» (2015), «Blade Runner 2049» (2017), «Red Sparrow» (2018), «Inferno» (2016), «Dune» (2021) және тағы да басқа сан түрлі фильмдер түсіруге орын берді.