
2024 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы UBM Group компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры Питер Золтан кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар UBM Group-тың Қазақстандағы инвестициялық жобаларының ағымдағы мәртебесін және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Ерекше назар UBM Kazakhstan компаниясының ашылуына аударылды, оның іске қосылуы екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтудағы маңызды қадам болмақ.
Елші мен Питер Золтан 2024 жылғы 20 қарашада Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанның қатысуымен қол қойылған келісімнің маңыздылығын атап өтті. Бұл келісім UBM Group пен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтып, агроөнеркәсіп саласындағы бірлескен жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Сонымен қатар, UBM Group директорлар кеңесінің төрағасы Акош Варга мен компанияның бас директоры Петер Хорваттың 2025 жылғы қаңтарында Қазақстанға сапары расталды.
Елші Қазақстанның шетелдік инвесторларды қолдауға дайындығын атап өтіп, UBM Group жобалары елдің агроөнеркәсіп саласын дамытуда маңызды рөл атқаратынын айтты. UBM Group басшылығы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың елеулі әлеуетін атап өтті.