Қазақстан Республикасының Елшісі Секешфехервар қаласындағы «Ikarus» өндіріс алаңына барды

Қазақстан Республикасының Елшісі Секешфехервар қаласындағы «Ikarus» өндіріс алаңына барды

2024 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Секешфехервар қаласындағы «Ikarus Group» өндіріс алаңына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Сапар барысында Елші «Ikarus Group» компаниясының вице-президенті Тамаш Бенкоч, бас директоры Роланд Фехер және сату директоры Хунор Янош Келеменмен кездесті.

Сапар бағдарламасына «Ikarus Group» компаниясының қызметі туралы презентация, өндірістік қуаттармен танысу туры, заманауи технологиялар мен инновацияларды көрсету, сондай-ақ кездесудің қорытындысы кірді. Талқылаулар Қазақстанда көлік құралдарын бірлесіп өндіру мүмкіндіктері мен «Ikarus Group» өкілдерінің 2025 жылы Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мәселелеріне арналды.

Елші машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды, соның ішінде инновациялық көлік жобаларын қолдауды ұсынатынын айтты. «Ikarus» басшылығы Орталық Азиядағы қатысуын кеңейтуге және Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бастамаларға қатысуға қызығушылық білдірді.