Будапештте қазақ-мажар стратегиялық әріптестігінің 10 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Будапештте қазақ-мажар стратегиялық әріптестігінің 10 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Будапешт, 2024 жылғы 11 қараша – Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығына арналған дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Елшілігі Мажарстан Сыртқы істер институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Алғы сөзінде Абзал Сапарбекұлы екі елді терең тарихи тамырлармен байланыстыратынын айта келе, Мажарстан 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып танығанын еске салды. Сондай-ақ Елші соңғы кездері мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар айтарлықтай нығая түскенін, бұл Мажарстандағы «Шығысқа ашылу» саясаты мен Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Абзал Сапарбекұлы Мажарстанды еліміздің Орталық Азия аймағындағы негізгі серіктесіне айналдыратын экономикалық байланыстардың өсуіне де тоқталды.

Сөзінің соңында Қазақстан Елшісі қазіргі таңда екі мемлекет арасындағы парламентаралық байланыстар айтарлықтай жанданғанын атап өтті.

Іс-шарада сөз сөйлегендер арасында институттың стратегиялық даму директоры Тамаш Бараньи, институттың аға ғылыми қызметкері Шандор Шеремет, Мажарстан Сыртқы экономкалық байланыстар және сырты істер министрлігінің өкілі Габор Микец, Түркі мемлекеттер ұйымының Будапешттегі өкілдігінің жобалардың үйлестірушісі Давид Биро, Мемлекеттік басқару университетінің қазақ докторанты Мадина Игибаева, сондай-ақ  дөңгелек үстелдің модераторы ретінде институттың аға ғылыми қызметкері- кеңесшісі Ласло Ваша болды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың келешегін, «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасының, еліміздің көлік әлеуетін және «Орта дәлізді» дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар келген қонақтардың сұрақтарына жауап берді.