Қаржы министрлігінде Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

Қаржы министрлігінде Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

Будапешт, 2024 жылғы 8 қараша – Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы елдің Қаржы министрі Михай Варгамен кездесті. Тараптар оның барысында алдағы уақытта маңызды рөл атқаратын саяси диалогтың жоғары деңгейін Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту қанағаттанушылықпен атап өтті.

Сұхбаттасу барысында екі ел арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасу болды. Сондай-ақ биылғы және 2025 жылы жоспарланған екіжақты іс-шаралардың кестесі қаралды.

Осы орайда Қазақстан-Мажарстан стратегиялық кеңесі мен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның екі ел арасындағы әріптестікті жандандырудағы рөлі ерекше атап өтілді, оның келесі отырыстары 2025 жылы Астанада өтеді деп жоспарланған.

Айта кетері, М.Варга Қазақстан-Мажарстан стратегиялық кеңесінің және Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның мажарлық жағынан тең төрағасы болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Мажарстан қарым-қатынастары екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша тұрақты және дәйекті даму динамикасына ие екенін мәлімдеді және өзара қызығушылық тудыратын барлық мәселелер бойынша тұрақты диалогты жалғастыруға келісті.

Анықтама: ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша 2024 ж. қаңтар-қыркүйекте Қазақстан
мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 144,8 млн долларды құрады.
Қазақстан статистикасына сәйкес 2023 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 187,6 млн долларды (өсім 8,9%) құрайды.