Будапешт, 2024 жылғы 6 қараша - Мажарстанның Этнографиялық музейінің Бас директоры Лайош Кемечимен кездесуде қазақ-мажар музейлер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту келешегін талқыланды.
Елші Абзал Сапарбекұлы музей ісіндегі басым бағыттардың бірі халықаралық, мәдениетаралық және музейаралық байланыстарды одан әрі дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру туралы ойымен бөлісті.
Қазақ елшісі еліміздің музейлері Мажарстанның жетекші музейлерімен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.
Өз кезегінде Лайош Кемечи қазіргі уақытта ҚР Орталық мемлекеттік мұражайымен бірлескен көрмелерді ұйымдастыру бойынша келіссөздерді жүргізіп жатқанын айтты.
Айта кетері, 2024 жылғы 3 қазанда Мажарстанның қыпшақ астанасы Карцаг қаласының «Карцаг қазынасы» Өнер және конференция орталығының павильонында «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» көрмесі ашылды. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, ҚР Мажарстандағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған көрмеде мажар көрерменнің назарына Алматы қаласы мұражайлар бірлестігінің бай коллекциясынан 200-ге жуық тарихи экспонаттар ұсынылды. Аталған көрме ү.ж. 20 қарашаға дейін тамашалауға болады.