Жаңа ынтымақтастық көкжиектері: Қазақстан мен Мажарстан National Capital Holding және Focus Ventures компанияларымен инвестициялық жобаларды талқылады

Жаңа ынтымақтастық көкжиектері: Қазақстан мен Мажарстан National Capital Holding және Focus Ventures компанияларымен инвестициялық жобаларды талқылады

Будапешт, 2024 жылғы 4 қараша - National Capital Holding және Focus Ventures компанияларының кеңсесінде Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісінің осы компаниялардың басшылығымен кездесуі өтті. Кездесудің басты мақсаты – Қазақстан мен Мажарстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты, әсіресе инвестициялар мен негізгі салаларды дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту болды.

Тараптар ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергетика, өнеркәсіптік өндіріс, логистика және цифрлық трансформация сияқты салалардағы байланыстарды нығайтудың өзара тиімділігін атап өтті. Елші Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан іскерлік ортасы және елдің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екендігі шетелдік инвесторларға 180 миллионнан астам тұтынушыны қамтитын нарыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ, Қазақстанның тұрақты және болжамды іскерлік орта құруға бағытталған күш-жігері, соның ішінде Астана халықаралық қаржы орталығы сияқты бастамалар талқыланды.

Елші Қазақстанның жоғары егеменді кредиттік рейтингтері туралы ақпаратты ұсынды, олар Moody's, Fitch және S&P агенттіктерімен инвестициялық деңгейде расталған, бұл елдің қаржылық тұрақтылығы мен инвестициялық бағыт ретінде тартымдылығын көрсетеді. Қазақстан Орталық Азиядағы шетелдік тікелей инвестициялардың жетекші алушысы болып қала беретіні атап өтілді, тәуелсіздік алғаннан бері 431 миллиард доллардан астам инвестиция тартып, оның ішінде 2023 жылы 23 миллиард долларды құрады.

Мажар тарапы мажар компанияларының қатысуымен Қазақстандағы жобаларға инвестиция салуға дайын екенін білдірді. Мажарстанның UBM компаниясымен табысты ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды, компания Қазақстандағы өз қызметін кеңейтуді және аагроөнеркәсіптік кешенді дамыту мен азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

«National Capital Holding және Focus Ventures компанияларымен өткен келіссөздерде қол жеткізілген оң серпінге қуаныштымыз. Қазақстан екі елге де пайда әкелетін және екіжақты байланыстарды нығайтатын жаңа өсу мүмкіндіктерін іске асыру үшін мажарстандық серіктестермен тығыз ынтымақтастыққа дайын. Қазақстан үкіметі сіздердің бастамаларыңызды және ынтымақтастықты қолдауға әрдайым дайын сенімді әрі ашық серіктес болып қалады», - деп атап өтті Қазақстан Елшісі.

Кездесу барысында сондай-ақ Qazaqstan Investment Corporation және Samruk-Kazyna Invest сияқты жергілікті және халықаралық серіктестіктерді қолдауда маңызды рөл атқаратын қазақстандық ұлттық қорлармен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Елші аталған қорлардың тиімділігі жоғары жобаларға бірлесіп инвестиция салуға дайын екендігін атап өтті.

Тараптар келіссөздерді жалғастырып, мажар компанияларын Қазақстанның инвестициялық әлеуетімен таныстыру мақсатында бизнес-шаралар ұйымдастыру мүмкіндігін қоса алғанда, келесі қадамдарды талқылауға уағдаласты.