Будапештегі «Eurasia center» орталығы Қазақстанның «think tank»-терімен ынтымақтасуға ниетті

Будапештегі «Eurasia center» орталығы Қазақстанның «think tank»-терімен ынтымақтасуға ниетті

Будапешт, 2024 жылғы 30 қазан - Қазақстан Республикасының Елшісі Абзал Сапарбекұлы мажар «Eurasia Center» ой-талқы және зерттеу орталығының директоры Левенте Хорватпен кездесіп, оның барысында қазақ-мажар «think tank» және зерттеу институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайту келешегін талқылады.

Тараптар алдағы кезеңде «Eurasia» журналында арнайы тақырыпта сараптамалық-зерттеу мақалаларды, сондай-ақ сарапшылар жиындарын ұйымдастыру туралы уағдаласты.

Айта кетері, «Eurasia Center» ой-талқы орталығы 2021 жылы Будапешттегі Янош Нейман атындағы университетінің жанында құрылып, ай сайын мажар және ағылшын тілдерінде «Eurasia» журналын жарыққа шығарады. Негізгі жұмыс бағыты Мажарстанның Еуразиялық, оның ішінде Азия бағытындағы сыртқы саясатының сараптамалық-академиялық мазмұнын толықтыру.