Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды дамыту перспективалары Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы мен «Hidepito» және «A-Hid» компаниялары өкілдерінің кездесуінде талқыланды

Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды дамыту перспективалары Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы мен «Hidepito» және «A-Hid» компаниялары өкілдерінің кездесуінде талқыланды

Будапешт, 2024 ж. 30 қазан - Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы мен Мажарстанның ірі құрылыс компаниялары Hidepito және A-Hid өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларда ынтымақтастық орнату және көлік пен коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін мажарлық инвестицияларды тарту мүмкіндіктері талқыланды.

Hidepito және A-Hid компаниялары Мажарстанның құрылыс саласындағы ірі ойыншылар болып табылады. Олар көпірлер, жолдар, автомагистральдар, теміржолдар, сондай-ақ су тазарту және сумен жабдықтау нысандарын салуда үлкен тәжірибеге ие. Сонымен қатар, компаниялар көпқабатты ғимараттарды салу, қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды басқару жобаларына қатысады. Компания өкілдері заманауи технологиялар мен сапа стандарттарын пайдалана отырып, Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін білдірді.

Елші Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның құрылыс және коммуналдық саласына мажарлық инвестициялар мен технологияларды тарту тұрақты даму және инфрақұрылымды жақсарту үшін маңызды қадам екенін атап өтті. Ол ірі жобаларды жүзеге асырудың негізі бола алатын білім мен технологиялар алмасудың маңыздылығына тоқталды.

Тараптар жаңа нысандарды құруға және қолданыстағы инфрақұрылымдық жүйелерді жетілдіруге бағытталған әріптестік мүмкіндіктері бойынша диалогты жалғастыруға келісті, бұл Қазақстандағы өмір сүру сапасы мен экономикалық дамуды арттыруға ықпал етеді.