Будапешт, 2024 жылғы 24 қазан - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы мен «Икарус» компаниясының вице-президенті Тамаш Бенкочпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық перспективаларын, оның ішінде «Икарус» компаниясының автобустар мен басқа да техникаларын Қазақстанда өндіруді жергіліктендіру мүмкіндігін талқылады.
Қазақстан Елшісі «Икарус» компаниясының Еуропадағы автобус жасау саласындағы көшбасшы ретіндегі маңызды рөлін атап өтті. Атап айтқанда, компанияның инновациялық әзірлемелері, соның ішінде CityPioneer электр автобустары, сондай-ақ Қазақстанда экологиялық таза көліктерді енгізу аясында оларды пайдалану мүмкіндігі талқыланды.
Сонымен қатар, Елші Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар туралы айтты, сондай-ақ машина жасау саласының ел экономикасының стратегиялық салаларының бірі екенін атап өтті. Ол «Икарус» өндірісін Қазақстанда жергіліктендіруді, соның ішінде автобус өндірісі бойынша құрастыру желілерін құруды қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, инвесторларға салықтық жеңілдіктер мен арнайы экономикалық аймақтар сияқты әртүрлі артықшылықтар мен жеңілдіктерге назар аударылды.
«Біз Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін «Икарус» сияқты халықаралық серіктестерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді Абзал Сапарбекұлы.
Тамаш Бенкоч ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдіріп, «Икарус» компаниясының Қазақстан нарығының мүмкіндіктерін зерттеуге қызығушылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол компания үшін Орталық Азия аймағының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанмен ынтымақтастықтың одан әрі дамуына үміт білдірді.
Тараптар ынтымақтастық мүмкіндіктерін және жақын арада бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша диалогты жалғастыруға келісті.