Будапешт, 2024 жылғы 22 қазан - Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы OTP Group Вице-президенті Ласло Вольфпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру және ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуде OTP Group-тың Қазақстан нарығындағы қатысуын кеңейтуге, соның ішінде ірі инвестициялық бастамаларға қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, компанияның Қазақстан инвестициялық қорларымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Тараптар ынтымақтастық мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға, өзара тиімді негізде жаңа жобаларды жүзеге асыру перспективаларын ашуға өзара мүдделілік танытты.