Мажарстандағы Қазақстан Елшісі «Ikarus Global Zrt.» компаниясының зауытына барды

Мажарстандағы Қазақстан Елшісі «Ikarus Global Zrt.»  компаниясының зауытына барды

2020 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Секешфехервар қаласына «Ikarus Global Zrt.» компаниясының электрлік автобустарды шығаратын зауытына барды.

«Ikarus Global Zrt.» компаниясының вице-президенті Тамащ Бенкоч Ж.Әбдрашовты кәсіпорындағы өндіріс процесімен таныстырды. Келіссөздерде мажар компаниясының Қазақстан аумағында автоөндіріс жергіліктендіруге қатысу мүмкіндігі талқыланды.