
Будапешт, 2024 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокке сенім грамоталарын тапсырды.
«Шандор» президенттік сарайында салтанатты рәсімнен кейін болған екіжақты кездесу барысында қазақ дипломаты мажар Президентіне Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ізгі тілектері мен жылы лебіздерін жеткізді.
Сонымен бірге, тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы саяси диалогты пен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылап өтті.
Кездесу соңында Елші екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салуға дайын екенін білдірді. Мажар Президенті өз тарапынан дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, алдағы жұмысқа сәттілік тіледі.