Будапешт, 2024 жылғы 17 қыркүйек - Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстанның Ұлттық сайлау кеңсесінің президенті Др. Аттила Надьпен кездесті.
Кездесуде қазақ дипломаты еліміздегі соңғы жылдардағы саяси реформалар мен демократиялық үрдістері мән-жайы туралы мәлімет берді. Оның ішінде еліміздегі сайлау жүйесіндегі жаңашыл өзгерістер туралы толыққанды ақпарат беріп өтті.
Осы ретте, алдағы 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдум жайлы, оның еліміздегі саяси-коғамдық өміріндегі тарихи рөлі туралы кеңінен тоқталды.
Алдағы референдум Мемлекет басшысының халық үнін құлақ асатын мемлекет ұстанымы негізіндегі мемлекеттік мәселелерде жалпыұлттық диалог пен қоғамдық саяси-азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісі болатынын хабарлады.
Мажар тарапы Қазақстанның Мажарстанмен стратегиялық әріптестікке негізделген қарым-қатынастарды одан әрі нығайту ісінде екі елдің сайлау ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықтың деңгейіне жақсы баға беріп, алдағы референдумда қазақ әріптестеріне сәттілік тіледі.
Анықтама: Мажарстан сайлау ұйымы еліміздегі 2022 жылғы референдум және Президенттік, сондай-ақ 2023 жылғы Парламенттік сайлауларға үнемі халықаралық байқаушылар ретінде қатысып келеді.
Өз кезегінде, 2024 жылғы 8-10 маусымда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы бастаған бақылаушылар ЕО парламенттік, сондай-ақ жергілікті муниципалитет сайлауларға қатысты.
Қазақстан мен Мажарстанның сайлау органдары арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, оның шеңберінде өзара тәжірибе алмасу сынды іс-шаралар жоспарланған.