2024 РЕФЕРЕНДУМҒА ТІРКЕЛУ

2024 РЕФЕРЕНДУМҒА ТІРКЕЛУ

ХАБАРЛАМА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесі
2024 жылғы 6 қазанда референдум арқылы шешіледі деп мәлім етті.

Мажарстан аумағында референдумға қатысуға Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі (мекен-жайы: 1025 Budapest, Kapy utca 59.) жанындағы № 375 учаскесінде (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) болады.

Әрбір Қазақстан азаматы белгілі бір дауыс беру учаскесінде референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізіміне енгізу үшін оның осы учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болатындығын атап өткен жөн.

Референдумда дауыс беру бюллетень негізінде жүзеге асырылады. Өз даусыңызды беру үшін алдын-ала Елшілік жанындағы № 375 учаскесіне тіркелуді сұраймыз.

ОНЛАЙН ТІРКЕЛУ сілтемесі: https://forms.gle/FjxH1GepzTegEL9eA.

Тізімге енгізуді Елшіліктің: +36 (1) 275-13-00, +36 (1) 275-13-01 телефондары арқылы хабарласып, тексеруге болады.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтынан, сонымен қатар Елшіліктің кейінгі ақпараттық хабарламаларында таныса аласыз.

Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі