
Будапешт, 2024 жылғы 26 тамыз – «UBM Group» мажар компаниясының шақыруымен Қазақстанның Елшісі Абзал Сапарбекұлы компанияның кеңсесінде болып, мажар тараптың қазақстандық серіктестермен («KazFoodProducts», «Қарасу-Астық», «SNK Group») іскерлік Қазақстандағы инвестициялық жобаларды дамыту бойынша кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында А.Сапарбекұлы мажар өкілдерге еліміздің инвестициялық ахуалы мен Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Мажар компанияның әлеуетін ескере отырып, Қазақстан Елшісі оны Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторындағы перспективалық жобаларды жүзеге асыруға қатысуға шақырды.
Өз кезегінде, «UBM Group» компаниясының өкілдері Қазақстан Елшісі мен олардың қазақстандық серіктестерін компанияның ағымдағы жағдайы және Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті, сондай-ақ осы мәселе бойынша алдағы уақытта тығыз ынтымақтастыққа үміт білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар компанияның Қазақстанда жем өндіру саласындағы инвестициялық жобаларын іске асыруды жеделдету мақсатында жұмыс байланыстарын жалғастыру туралы келісімге келді.
Анықтама: «UBM» компаниялар тобы Мажарстандағы құрама жемді жетекші өндірушілердің бірі болып табылады, компания мал шаруашылығымен және дәнді дақылдар саудасымен айналысады. Компанияның қызметі 18 еншілес ұйымды біріктіреді, олардың өнімдері 15 елге экспортталады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Мажарстаның қатысуымен 29 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер және 41 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.