Мажар компаниялардың қызығушылығы жоғары

Мажар компаниялардың қызығушылығы жоғары

Будапешт, 2024 жылғы 21 тамыз – Елші Абзал Сапарбекұлы мажар «Globalia», «Kazglobal» компанияларының директоры Габор Шагимен кездесіп, елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық бағыттағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында қазақ дипломаты мажар бизнесменнің қазақстандық серіктестерімен бірігіп Астана, Алматы, Шымкент, Атырау қалаларында жоспарланған инвестициялық жобалардың үрдістерімен танысып, олар бойынша қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, алдағы кезеңде мажар-қазақ инвестициялық және сауда компанияларының өзара сапарлары мен бірлескен іс-шараларын ұйымдастыру бойынша уағдаласты.