Будапешт, 2024 жылғы 6-7 тамыз – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Адам Штифтермен және Мемлекеттік протокол қызметітінің Басшысы Анетт Варгамен кездесіп сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.
Кездесу барысында тараптар, Қазақстан-Мажарстан 10 жылдық стратегиялық серіктестігі аясында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады.
Сонымен бірге халықаралық күн тәртібі, саяси, екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қатынастардың жай-күйі мен келешегіне, алдағы жоғары және биік деңгейдегі екіжақты сапарларға шолу жасалды.
Кездесу соңында А. Сапарбекұлы тамыры тереңнен бастау алатын Қазақстан мен Мажарстан арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін білдірді. Мажар тарапы Елшіге жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.