Будапештте 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ресми түрде таныстырылды

Будапештте 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ресми түрде таныстырылды

Будапешт, 2024 жылғы 1 тамыз - Мажар-Тұран қорының ұйымдастыруымен 9-11 тамызда Бугац даласында өтетін кезекті Тұран халықтарының Үлкен Құрылтайының баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шарада ұйымдастырушылардан басқа, мажар Үкіметінің Коммуникациялар жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Эстер Витайошта қатысып, Құрылтайдың Еуропадағы ең үлкен мәдени шара ретіндегі маңыздылығына және түркі тілдес халықтарды біріктіретін күш екеніне тоқталып өтті.

Мажар-Тұран қорының төрағасы Андраш Биро жиналғандарды биылғы Құрылтайдың бағдарламасымен таныстырып өтіп, оның құрметті қонақтары қатарында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан, Түркия және басқа да елдерден делегациялар болатынын айтып берді.

А.Биро, сондай-ақ Астана қаласында 8-13 қыркүйекте өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы жиналғандарды егжей-тегжейлі хабардар етіп, Құрылтай шеңберінде Мажарстаннан ДКО-ға қатысатын спорт түрлерінің финалдық ойындары өтетінін жеткізді.

Айта кетері, ДКО-ға дәстүрлі спорт түрлерінен қатысатын мажар делегациясын А.Биро бастап барады.