Марцали, 2024 жылғы 25 шілде – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің өкілдері кеңестік әскери қорым қалпына келтірілгеннен кейін оның ашылуына арналған гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Мемориалдың ашылуы Мажарстанның Марцали қаласында өтті (Шомодь облысы).
Бұл өңірде 1944 жылдың 7 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Дунай өзенінен өтіп, одан әрі Будапештке жету үшін Апатин-Капошвар шабуыл операциясы өтіп, оған қазақстандықтар да қатысқанын айта кеткен жөн.
Жерлеудің өзі әр түрлі биіктіктегі үш тастан тұратын дөңгелек алаң, оның айналасында бес бұрышты жұлдыз түрінде жерленген жауынгерлердің есімдері жазылған мемориалдық тақталар орналасқан. Бес бұрышты жұлдыздың айналасында қабір үстіндегі белгілерді бейнелейтін көлденең плиталар спираль түрінде орналастырылған. Марцалиде жерленген жауынгерлердің жалпы саны – 2050 адам.
Қазақстан Республикасының Елшілігі Мажарстан аумағында әскери-мемориалдық қызметті тұрақты негізде жүргізеді, оның ішінде Қазақстанның тумалары-жауынгерлердің жерленген жерлерін іздестірумен айналысады.