Мажарстанның сыртқы саяси ведомствосында дипломатиялық миссиясы аяқталған Қазақстан Елшісімен кездесу өтті

Мажарстанның сыртқы саяси ведомствосында дипломатиялық миссиясы аяқталған Қазақстан Елшісімен кездесу өтті

Будапешт, 2024 жылғы 18 шілде - Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің Шығыспен байланыстарды ілгерілету жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Адам Штифтермен кездесті.

Мажарстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Петер Сийяртоның атынан Мемлекеттік хатшы Елшіге Мажарстан-Қазақстан қатынастарын нығайтуға, саяси байланыстарды жандандыруға және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді.

Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы саяси қатынастардың жоғары деңгейін, екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың оң динамикасын атап өтіп, екі елдің стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі жан-жақты нығайтуға бағытталған өзара бағытты растады.