Мажарстандағы қазақ жастары болашаққа қадам жасады

Мажарстандағы қазақ жастары болашаққа қадам жасады

Будапешт, 2024 жылғы 18 маусым - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов «Stipendium Hungaricum Farewell Event 2024» шарасына қатысты.

Мажар үкіметінің «Stipendium Hungaricum» жоғары білім беру бағдарламасы аясында Мажарстан жоғары білім беру орындарында оқитын Қазақстандық студенттердің саны 500-ге жуық. Жыл сайын Бағдарлама қазақ жастарына 250 стипендия бөледі.

Айта кетері, «Stipendium Hungaricum» бағдарламасы өткен жылы қараша айында Астана қаласында өткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанның келіссөздері нәтижесінде тағы да үш жылға - 2027 жылға дейін ұзартылды.

Биылғы 2023-2024 академиялық оқу жылында Мажарстан жоғары оқу орындарын 164 Қазақстандық студент бітіріп шығады. Олар негізінен, Будапешт, Дебрецен, Сегед және Печь ққ. Университеттерінде инженер, логистика, IT, көліктік тасымал және т.б. елімізге қажетті мамандықтар  бойынша білім алған.

Елші Ж.Әбдрашов өз кезегінде, болашаққа қадам басқан жас мамандармен кездесіп, оларға алдағы мақсаттарын іске асыру үшін сәттілік тіледі.