Мажарстандағы сайлауға алғаш рет қазақстандық халықаралық байқаушылар қатысты

Мажарстандағы сайлауға алғаш рет қазақстандық халықаралық байқаушылар қатысты

Будапешт, 2024 жылғы 8-9 маусым - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың Мажарстан Ұлттық сайлау офисінің президенті Др. Аттила Надьтың шақыруымен Будапешт қаласына ресми сапары өтті.

Екі жақты кездесу шеңберінде, тараптар ҚР Орталық сайлау комиссиясы мен Мажарстан Ұлттық сайлау офисі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, алдағы перспективалы ынтымақтастық көкжиектерін, сайлау саласында озық тәжірибелермен алмасу, жаңа технологиялар енгізу сынды ұсыныстарымен бөлісті.

Бұдан басқа, Н.Әбдіров бастаған қазақ делегациясы 9 маусымда Мажарстанда өткен Еуропалық Парламент және жергілікті өзін-өзі басқару орындарының сайлауларында халықаралық байқаушылар ретінде қатысты.

Айта кетері, ҚР ОСК алғаш рет Еуропалық Парламент депутаттарының сайлауына халықаралық байқаушы ретінде қатысып отыр.