
2020 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов «Ganz EEM Kft.» компаниясының Басқарушы директоры Виктор Русскихты қабылдады.
«Ganz EEM Kft.» компаниясы сорғы және гидротурбина жабдығын өндіруші болып табылады. Кездесуде мажар компаниясының Қазақстандағы гидроэнергетика және су шаруашылығы салаларындағы жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігі талқыланды.