Мажарстанның Пакш қаласында жаңартылған кеңес жауынгерлерінің ескерткіші ашылды

Мажарстанның Пакш қаласында жаңартылған кеңес жауынгерлерінің ескерткіші ашылды

Будапешт, 2024 жылғы 1 мамыр - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі 1944-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан кеңес әскерлері жерленген, Пакш қаласындағы қайта жөндеуден өткен ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты.

150 кеңес жауынгері мен офицері жерленген Ескерткішке ҚР Елшілігінен басқа, Әзербайжан, Өзбекстан және Ресей елшіліктерінің өкілдері гүл шоқтарын қойды.

РФ Қорғаныс министрлігінің Мажарстандағы әскери мемориалдық жұмыс жөніндегі өкілдігінің басшысы Шерали Мамасолиевтің айтуынша, Пакштағы ескерткіш 1944 жылы фашистермен шайқаста қаза тапқан 150 кеңес жауынгері мен офицері жерленген жерге орнатылды. Іздестіру жұмыстарының арқасында олардың 104-інің есімі анықталып, ескерткіш тақталарға жазылды. 46 адамның аты-жөні белгісіз. Қайтыс болған кеңес жауынгерлерінің есімдерінің көпшілігі алғаш рет мемориалдық тақтаға жазылған.