Мажарлық компания Қазақстанда құрама жем өндірісін құруды жоспарлап отыр

Мажарлық компания Қазақстанда құрама жем өндірісін құруды жоспарлап отыр

Будапешт, 2024 жылғы 2 сәуір – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдірашов мажарлық құрама жем өндіру компаниясының экспорттық бөлімшесінің директоры Петер Золтанмен кездесті.

Тараптар Қазақстанда құрама жем саласын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Қазақстан Елшісі мал шаруашылығын дамытудың басты шарттарының бірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сапалы жем-шөппен қамтамасыз ету екенін және де бұл ауыл шаруашылығының тиімді дамуының негізгі кепілі екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстанда Еуропалық өндірушінің болуы еліміздегі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына жаңа серпін беретінін айтты.

Өз кезегінде Петер Золтан Қазақстанның стратегиялық географиялық орналасуына, қолайлы экономикалық жағдайына және шикізат ресурстарына байланысты өндірісті дамытудың айтарлықтай әлеуетін атап өтті.

UBM Group Мажарстандағы мал шаруашылығы мен астық саудасына маманданған құрама жемнің жетекші өндірушісі болып табылады. Компания құрамына 18 еншілес кәсіпорын кіреді және оның өнімдері 15 елге экспортталады.