Өзбекстан елшісімен кездесу туралы

Өзбекстан елшісімен кездесу туралы

Будапешт, 2024 жылғы 27 наурыз - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов дипломатиялық қызметіне жаңадан кіріскен Өзбекстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Ойбек Шахавдиновті қабылдады.

Ізеттілік кездесуге келген О.Шахавдиновті Елші Ж.Әбдірашов Мажарстанның ішкі және сыртқы саясатының қазіргі ахуалымен қысқаша таныстырып, бауырлас елдер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тарихи байланыстардың маңыздылығына тоқталды.

Тараптар, Будапешт қаласында бірлескен мәдени шаралар өткізудің перспективалық тұстарын қарастырды.

Кездесу соңында, Ж.Әбдірашов өзбек әріптесіне Мажарстандағы дипломатиялық қызметіне сәттілік тіледі.