Будапешт, 2024 жылғы 19-20 наурыз - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің делегациясы қазынашылықтың мемлекеттік бюджетке қызмет көрсетуі және оны атқару жөніндегі құралдарды табысты іске асырудағы тәжірибе алмасу мақсатымен Будапешт қаласында іссапармен болды.
2016 жылы Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен Мажар мемлекеттік қазынашылығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес тараптар өзаратиімді және сындарлы серіктестік орнатқан.
Будапешт қ. жұмыс сапары барысында қазақ делегациясы Мажарстанның республикалық бюджетті басқару, оған әкімшілік ету мен осы саладағы IT-жобалармен танысып, өзара тәжірибелерімен бөлісті.