Мажар сыртқы саясат жөніндегі институтындағы кездесу туралы

Мажар сыртқы саясат жөніндегі институтындағы кездесу туралы

Будапешт, 2024 жылғы 27 ақпан - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажар сыртқы саясат жөніндегі институтының атқарушы директоры Мартон Шеберлемен және аға сарапшы, профессор Ваша Ласломен кездесіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Елші мажар сарапшыларын Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен, ішкі-сыртқы саяси ахуалмен, сондай-ақ Мемлекет басшысының сыртқы саяси сахнадағы белсенділігімен таныстырып, Институтпен өзара ынтымақтастық аясында өткізілетін бірлескен шаралар туралы жоспарымен бөлісті.