
2020 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов «Wizz Air» авиакомпаниясының президенті Йожеф Варадимен бейнеконференция форматында кездесу өткізді.
Кездесуде азаматтық авиация саласындағы Қазақстан-мажар ынтымақтастығы, оның ішінде Будапешт пен Нұр-Сұлтан арасында авиақатынасты қалпына келтіру мүмкіндігі де талқыланды.
Й.Варади ү.ж. 1 шілдеден бастап үшінші елдердің азаматтарына ЕО сыртқы шекаралары ашылған жағдайда, осы елдердің азаматтарына, оның ішінде Қазақстан азаматтарына Мажарстанға кіру құқығын беру шешімі дербес, яғни осы елдердегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қабылданады деп күтеді. Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарының кіруіне шектеулер алынған жағдайда, Будапешт-Нұр-Сұлтан рейстері қалпына келтіріледі.