Хабарлама

Хабарлама

Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінде «Абай Орталығы» 2020 жылғы 30 қазанда Елші Жәнібек Әбдрашовпен ашылды https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/116142?lang=kk.

Сол жылы алғашқы қазақ тілі курстарын мажар-қазақ «Барыс» қорының мәдениет бөлімнің жетекшісі Оңғайша Мандоки жүргізіп, COVID індеті таралғаннан кейін бұл курстар тоқтатылды.

Сонымен қатар, аталған Орталық саны үлкен топтарға қазақ тілі курстарын өткізу талаптарына бейімделмегендіктен және курстарды өткізуі онлайн форматына ауысуы жоспарлағандықтан «Абай Орталығы» қазіргі таңда жұмыс істемейді. Басқа мәдени іс-шараларды (концерттер, кино күндер) Елшілік бөлек өз күшімен ұйымдастырып келуде.

Бүгінгі таңда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі шетелдегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақ тілі» әмбебап оқулығын әзірлегенін хабарлаймыз.

Аталған басылым «Абай институты» Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету және ілгерілету онлайн платформасында https://abai.institute/   орналасқан. 

Портал – еліміздің  азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді.

Портал 6 тілде (қазақ, ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған. Бүгінгі күні порталды пайдаланушылар саны жиырма мыңнан асып келеді.

Оған қоса, «Отандастар қоры» КеАҚ 2024 жылғы 2 наурызынан бастап шетелдегі отандастарға арналған онлайн форматтағы қазақ тілі курсын ұйымдастыратынын назарларыңызға жеткіземіз.

Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қазақ тілі – орыс, ағылшын, түрік және парсы тілдерінде үйретіледі. Сабақ кестесі әлемнің түкпір-түкпіріндегі отандастарымызға ыңғайлы уақытқа қойылады.

Онлайн қазақ тілі курс сілтемесінен толық ақпаратты қол жетімді.

https://disk.yandex.kz/d/-9qKpW7lcrsfXg

Сондай-ақ, курсқа қатысу үшін төмендегі сілтемеге өтіп, WhatsApp топқа қосылу қажет.

- Орыс тілді аудитория:

https://chat.whatsapp.com/LZ4NP3ttYVbCDOS5Dx8GrL

- Ағылшын тілді аудитория:

https://chat.whatsapp.com/HMUUP9fF2Lw2jf0z4T7gUN

- Түрік тілді аудитория:

https://chat.whatsapp.com/H9lCN9dr2pD8M5l15qp629

- Парсы тілді аудитория:

https://chat.whatsapp.com/GfEMGkbGPvnJFslvAQKbkL

Курсқа қатысты қосымша сұрақтар туындаса, +77471783938 мобилді нөміріне хабарласуға болады.