Будапештте Иштван Конгур Мандокидің туғанына 80 жыл толуына орай белгілі мажар түркітанушыны еске алды

Будапештте Иштван Конгур Мандокидің туғанына 80 жыл толуына орай белгілі мажар түркітанушыны еске алды

Будапешт, 2024 жылғы 7 ақпан - Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдірашов «Барыс» мажар-қазақ қорының президенті Андраш Галмен және Мажарстандағы қазақ диаспорасының жетекшісі Онгайша Мандокимен бірге белгілі мажар түркітанушыны Иштван Қоңыр Мандокидің барельефіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Іс-шараға Мажарстандағы  Түркі Мемлекеттері Ұйымы өкілдігі басшысының м.а. Талайбек Қыдыров, мажар ғалымының жақын достары мен шәкірттері, сондай-ақ қазақстандық студенттер мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.