Будапешт, 2024 жылғы 5 ақпан – 2024 ж. 5-6 ақпанда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Газ жобаларын дамыту жөніндегі орынбасары С. Брекешев Мажарстанға жұмыс сапармен келді.
Сапар барысында Мажарстанның Сыртқы экономикалық және сыртқы істер министрлігінде және мажар «MOL Group» мұнай-газ компаниясының штаб-пәтерінде кездесулер өтті. Келіссөздер шеңберінде 2023 ж. 2 қарашада Астанада өткен ҚР Президенті Қ.Тоқаев пен Мажарстан Премьер-Министрі В.Орбанның келіссөздері нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға басты назар аударылды.
Сонымен қатар, тараптар энергетика саласындағы екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, «Рожковское» газ конденсаты кен орнының сәтті іске қосылуын атап өтті. Сонымен қатар, тараптар мұнай-химия өнеркәсібі мен мұнай-газ химиясындағы жобаларды іске асыру жөніндегі алдағы жоспарларды белгіледі.