
2020 жылғы 5 маусымда Мажарстандағы Қазақстан Елшісі Жәнібек Әбдрашов «I-Cell» мажар компаниясының президенті Габор Эмёриді қабылдады.
«I-Cell» компаниясы ақпараттық инновациялық технологиялар саласындағы жетекші лидерлердің бірі болып табылады. Атап айтқанда, компания Мажарстанда жолақы төлемдерін жинайтын жүйені әзірлеп іске қосқан.
Кездесуде «I-Cell» компаниясының Қазақстандағы жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігі талқыланды.