Мажарстанның ОТП Банкінің Басшылығымен кездесу туралы

Мажарстанның ОТП Банкінің Басшылығымен кездесу туралы

Будапешт, 2024 жылғы 30 қаңтар - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов «OTP Bank» Бас директорының орынбасары Ласло Вольфпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы қазіргі жағдайды,  сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және тереңдету, сондай-ақ банк саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша әңгімелесушілер екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға бейілділігін растады және қаржы-банк салаларда Қазақстан-Мажарстан қатынастарының одан әрі дамуына сенім білдірді.