Будапештте Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты талқыланды

Будапештте Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты талқыланды

Будапешт, 2024 жылғы 15 қаңтар – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов мажарлық «Globalia Kft.» компаниясының бас директоры, Қазақстандағы мажар инвесторы Габор Шагимен кездесті.

Кездесу барысында Ж. Әбдрашов мажарлық кәсіпкерді Қазақстандағы ағымдағы жағдайлар туралы хабардар етті, сондай-ақ Мемлекет Қазақстандағы шетелдік инвестициялар мен бизнес субъектілерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдап жатқанын айтты. Елші мажар кәсіпкеріне Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар мен ел алдында тұрған міндеттер туралы айтып берді.

Сонымен қатар, Елші Мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында 2024 жылға байланысты болатын мақсаттарды ғана емес, алдағы бірнеше жылдағы басымдықтарды да нақты атап өткенін атап өтті, өйткені мақалада көптеген нәрселер қоғамдық-саяси, гуманитарлық, мәдени, экономикалық салалар бойынша бағдарламалық түрде берілген.

Өз кезегінде Г.Шаги Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын айтып, алдағы уақытта да елімізде жоспарланған инвестициялық жобаларды жүзеге асыратынына сендірді. Мажарлық кәсіпкердің айтуынша, Мемлекет басшысының сұхбатында қазақстандық қоғамды ғана емес, шетелдік инвесторларды да толғандырған сұрақтарға жауаптар берілген. Г.Шаги Қазақстанның халықаралық қатынастарының жоғары деңгейі елдің экономикалық әл-ауқатының артуына ықпал ететінін атап өтті.