Қазақстан Елшісі Мажарстан Президентінің Жаңа жылдық қабылдауына қатысты

Қазақстан Елшісі Мажарстан Президентінің  Жаңа жылдық қабылдауына қатысты

Будапешт, 2024 жылғы 11 қаңтар - Қазақстан Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстан Президенті Каталин Новактың дипломатиялық корпус мүшелеріне арнап ұйымдастырған Жаңа жылдық қабылдауға қатысты.

Салтанатты шарада Елші мажар президенті К.Новакқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің Жаңа жылдық сәлемін жеткізіп, Мемлекет басшысының К.Новакты Астана халықаралық форумына шақыруын тағы растады.

Мажарстан Президенті К.Новак дипломатиялық корпус алдында сөйлеген сөзінде, елдің 2023 жылы қол жеткізген жетістіктері мен алдағы әлемдік, сонымен қатар елдің алдында тұрған белестерді атап өтті.

Ол, Мажарстанның 2024 ж. екінші жарты жылдығындағы Еуропалық одақтағы төрағалық жұмысқа дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде өткізгенін және оны атқаруға қабілетті екенін тағы бір рет дәлелдей алатыные айтты.

К.Новак, биыл 400 миллион еуропалық азамат еуропалық саясаттың бағытын анықтау мүмкіндігіне ие болатын Еуропада сайлау өтетінін еске салдыі. Сайлаудан кейін, бірден екінші жартыжылдықта ЕО-ға кіруінің 20 жылдығын және НАТО-ға кіруінің 25 жылдығын тойлайтын Мажарстан Еуропалық одаққа төрағалық етеді, деді.