Қазақстан Елшісі мажар инвестициясын тарту мәселелерін талқылады

Қазақстан Елшісі мажар инвестициясын тарту мәселелерін талқылады

 2020 жылғы 29 мамырда Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов «Kazakhstan Investment Development Fund Management Company» Ltd.​ компаниясының Басқарма төрағасы Әсет Әбдіғаппаровпен бейнеконференция форматында кездесу өткізді.

 Сұхбат барысында мажар инвестициясын Қазақстан экономикасына тарту, сондай-ақ «Қазақстан инвестициялық даму қоры» Тікелей инвестициялар қоры қызметінің ерекшеліктері мәселелері талқыланды.