Қазақстан Мажарстанның су ресурстарын басқарудағы озық тәжірибесіне қызығушылық танытуда

Қазақстан Мажарстанның су ресурстарын басқарудағы озық тәжірибесіне қызығушылық танытуда

Будапешт, 2023 жылғы 8 қараша – ү.ж. 7-8 қарашада Будапешт қ. «Трансшекаралық су ресурстары саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді немесе басқа да уағдаластықтарды әзірлеу жөніндегі жаһандық» семинар өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Айдар Әбішев және ҚР СІМ Халықаралық-құқықтық департаменті директорының орынбасары Мейрам Жұмағұлов қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты мемлекеттерге, бассейндік ұйымдарға, халықаралық және өңірлік ұйымдарға трансшекаралық өзендер, көлдер мен Сулы горизонттар бойынша кезең-кезеңмен тәсілдеме, келісімдер және басқа да уағдаластықтар арқылы талқылау мен әзірлеуде қолдау көрсету болып табылады.

Семинар елдерге және басқа да халықаралық және аймақтық субъектілерге трансшекаралық сулар бойынша тұрақты, бейімделетін және тиімді келісімдерді әзірлеуге немесе әлемнің түкпір-түкпірінен келген жағдайлық зерттеулер негізінде қолданыстағы келісімдерді қайта қарауға үйрету үшін практикалық және интерактивті мүмкіндіктер берді.

Жанжалдардың туындау және ынтымақтастықты дамыту тәуекелдерін болдырмау немесе азайту үшін құқықтық және институционалдық құралдар мен әдістерге ерекше назар аударылды.