Будапешт, 2023 ж. 4 қазан - 2023 жылғы 2-5 қазан аралығында Будапештте Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Еуропа мен Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігінің қолдауымен «Еуропа мен Орталық Азия үшін ғылым мен инновацияның Өңірлік апталығы» тақырыбында гибридті іс-шара өтуде.
Іс-шараға Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы Департаменті Өсімдік шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы Қарлығаш Нуриханова және Александр Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Басқарма Төрағасы Тимур Савин қатысуда.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың негізгі мақсаты үкіметтер, ғылыми-зерттеу институттары, азаматтық қоғам ұйымдары және жеке сектор арасында талқылау және тәжірибе алмасу алаңын ұсыну. Талқыңа салынған мәселелер - Еуропа мен Орталық Азия елдерінде неғұрлым орнықты, инклюзивті және өміршең агроазық-түлік жүйелерін құру үшін қайта құруларды жеделдету мақсатында ғылым мен саясаттың өзара іс-қимыл тетіктерінің қажеттіліктері, кемшіліктері мен интеграциялану мүмкіндіктері болды.