Будапешт, 2023 ж. 28 қыркүйек - Еуропа және Орталық Азия өңірінің мүшелеріне ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға көмек көрсету және географиялық және техникалық құзыреттілік шегіндегі барлық мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында 27-28 қыркүйекте Будапешт қаласында Ауыл шаруашылығы жөніндегі Еуропалық комиссияның 43-ші сессиясы өтті.
Еуропа мен Орталық Азиядағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық – түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өңірлік өкілдігі ұйымдастырған сессияға Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасының Ауыл шарбышылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы - Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов қатысты.
43-ші сессия жер және су ресурстарын тұрақты пайдалану мәселелеріне арналған.
Мұрат Теміржанов жер және су ресурстарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін ұлттық және өңірлік көп салалы тәсіл қажет екеніне сенім білдірді. Мұндай тәсіл тұрақты агроазық-түлік жүйесін құруға, экожүйелік қызметтерді нығайтуға, биоәртүрлілікті сақтауға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететін болады.