Будапешт, 2023 жылғы 25 қыркүйек – «Қазақстан машина жасаушылар одағының» Басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаев машина жасауды дамыту бойынша озық тәжірибені зерделеу мақсатында жұмыс сапарымен Мажарстанға барды.
Сапар аясында Қазақстан Республикасының Будапешттегі Елшілігінде Мажарстанның машина жасаушылар және энергетикалық машина жасау ұлттық қауымдастығымен кездесу өтті.
Анықтама: 2007 ж. 12 желтоқсанда Мажарстан машина жасаушылар қауымдастығының (MAGOSZ, 1991 жылы құрылған) және энергетикалық жабдық өндірушілер қауымдастығының (EBSZ, 1993 жылы құрылған) сабақтастығы нәтижесінде құрылған ірі үкіметтік емес ұйымдардың бірі.
Сөз сөйлеуінде М.Пішембаев одақтың қызметі және машина жасауды ғана емес және елдің өңдеу өнеркәсібін дамыту стратегиясы, сондай-ақ Қазақстанмен өнеркәсіптік кооперацияның артықшылықтары туралы айтты.
Сол күні М.Пішембаев Сигетсентмиклош қ. мажар компаниясының зауытына барып, электр қосалқы станциялары мен оның компоненттерін өндіру үдерісімен танысты.
Сонымен қатар, аталған сапар аясында Қазақстан – Мажарстан Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы – Мажарстанның Қаржы министрі М.Варгамен кездесу өтті.
М.Варганың айтуынша, Қазақстан «Шығысқа ашылу» сыртқы экономикалық тұжырымдамасында стратегиялық маңызы бар Мажарстанның ерекше сауда-экономикалық және энергетикалық серіктесі болып табылады және өзара іс-қимылдың барлық салаларында екіжақты байланыстарды сақтау және нығайту қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі Ж.Әбдірашов әңгімелесушілерді елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, сондай-ақ Қазақстан экономикасын дамытудың жоспарлары мен перспективалары туралы хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бейілділігін растады және барлық салаларда Қазақстан – Мажарстан қатынастарының одан әрі дамуына сенім білдірді.