Будапешт, 2023 жылғы 18 қыркүйек – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдірашов мажарстандық «Equilibrium Capital» инвестициялық қорының тең құрылтайшысы Питер Надьпен кездесті.
Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық, оның ішінде энергетика саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
Кездесу барысында Ж.Әбдірашов Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға, сондай-ақ «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдарын» құру мақсаттарына ерекше назар аударды.