Мажарстандағы халықаралық саммитте отбасылық-демографиялық саясаттың қазақстандық моделі талқыланды

Мажарстандағы халықаралық саммитте отбасылық-демографиялық саясаттың қазақстандық моделі талқыланды

Будапешт, 2023 жылғы 14-15 қыркүйек - Мажарстан астанасында «Отбасы - қауіпсіздіктің негізі» тақырыбында V Будапешт демографиялық Саммиті өтті.

Бұл халықаралық Саммит екі жылда бір рет өткізуде және бір қатар  елдердің саясаткерлері, сарапшылары, дін, бизнес, ғылым және БАҚ өкілдері демография мәселелерін және отбасы институтына әсер ететін негізгі мәселелерді талқылайтын алаң болып табылады. Биыл 60 елдің өкілдері қатысты.

Мажарстан тарапының шақыруы бойынша саммит жұмысына Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева қатысты.

Министр Мажарстан, Катар, Түркия, БАӘ, Сербия, Словения, Марокко, Эквадор және басқа да бірқатар елдердің өкілдерімен бірге министрлердің интерактивті панельдік сессиясында сөз сөйледі.

Аида Балаева өз сөзінде мемлекеттің тұрақты дамуы үшін отбасы институтының маңызды рөлін атап өтіп, «бұл отбасы шеңберінде жас ұрпақ құндылық бағдарларын, сүйіспеншілік пен қамқорлықты алады, соның арқасында олар болашақта өз отбасыларын құру үшін өздерін қорғалған және күшті сезінуі мүмкін» - деп атап өтті.

Министр Қазақстанның бірқатар демографиялық ерекшеліктерін атап өтті – «Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Елде 100-ден астам этнос пен 18 діни конфессия өкілдері тұрады».

Еліміздің маңызды ерекшеліктерінің ішінде Аида Балаева қазақстандықтардың орташа жасын да атап өтті: «Қазақстан – жас ел, қазақстандықтардың орташа жасы – 32 жас. Халық құрылымында Жастар шамамен 30% құрайды».

«Демографтар тәуекелдер туралы айтады, бірақ біз мемлекеттің жас энергиясын даму мүмкіндігіне айналдыру үшін бәрін жасаймыз. Бұған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағыты бағытталған», - деді Министр өз сөзінде.

Сондай-ақ, қазақстандық саясаткер Қазақстанның отбасылық-демографиялық саясатын қалыптастырудың институционалдық негіздерін, оның ішінде реформалар мен әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту, отбасының цифрлық картасын енгізу және елде іске асырылып жатқан бірқатар арнайы бағдарламалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сонымен қатар, Министр балаларды тәрбиелеу процесіне елеулі әсер ететін проблемаларға тоқталып, оларды Қазақстанда шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Аида Балаева сондай-ақ келесі Саммитте жаңа медианың құндылық бағдарларын қалыптастыруға әсері және қазіргі заманғы сын-тегеуріндердің алдын алудағы отбасының рөлін арттыру тақырыптарын талқылауды ұсынды. Министрдің айтуынша, бұл факторлар Саммит спикерлерінен бірнеше рет естіліп, назар аударуды қажет етеді.

Саммит алаңдарында бірқатар екіжақты кездесулер өтті. Атап айтқанда, Мажарстан мәдениет және инновациялар министрі Янош Чакпен және Әзірбайжан Ұлттық Жиналысының төрағасы Сахиба Гафаровамен.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады және екі елдің отбасылық-демографиялық сала мен мәдени-гуманитарлық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылын арттыруға өзара қызығушылығын растады.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі