Будапештте Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

Будапештте Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

Будапешт, 2023 ж. 6 қыркүйек - Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдірашов «Джон фон Нейман университетінің Еуразиялық талдау орталығының» негізін қалаушы директоры Хорват Левенте және «Eurasia magazine» журналының бас редакторы Марианн Оримен кездесті.

Ең алдымен, қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ү.ж. 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мазмұны бойынша әңгімелесушілерді хабардар етті, сонымен қатар кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға, сондай-ақ «әділ мемлекеттің экономикалық бағытын» құру мақсаттарына ерекше назар аударылды.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан-Мажарстан қатынастарының жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде алдағы жылы жоғары деңгейлерде көзделген екіжақты сапарларды жариялау жөніндегі жоспарларды талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында тұрақты байланыстарды қолдауға келісті.