Қазақ-мажар мәдени байланыстары нығая түсуде

Қазақ-мажар мәдени байланыстары нығая түсуде

2023 ж. 2 қыркүйек - Будапешт қ. ҚР Мажарстандағы Елшісі Ж.Әбдрашов Лакителек қ. TÜRKSOY және Лакителек Халықтық университеті ұйымдастырған, мажар халқының ұлы ақыны Шандор Петефидің туғанының 200-жылдығына арналған суретшілер көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.

Шара Мажарстан Мемлекеттік жиналысы Төрағасының орынбасары Ш.Лежактың және Лакителек қорының қамқорлығымен Лакителек Халықтық университетінде түркі тілдес елдердің танымал суретшілерінің қатысуымен «Petőfi Fine Art Camp» форматында өтті.

Қазақстаннан ҚР Суретшілер одағының мүшелері Б.Төлеш пен А.Есімова өкілдік етіп, Петефидің өлеңінен шабыттанып салған өз туындыларымен жиналған өнер сүйер қауымын тәнті етті.

Көрмеде сонымен қатар, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Түркияның әлемге танымал С.Маммадов. А.Сулейменов, Б.Макхамов, И.Ишангуллиев, Р.Азиз және т.б. суретшілері де өз туындыларын қойды.

Ш.Лежак ашылу салтанатында Мажарстан мен түркі тілдес елдердің мәдениеті мен тарихы ортақ екен, бауырлас елдерді мәдениет пен өнер арқылы жақындастыратын осындай шаралардың рөлін атап өтті.

ҚР Елшісі Ж.Әбдрашов өз кезегінде, Көрменің басты кураторы Мажар Өнер академиясының директоры К.Чаиге О.Сүлейменовтің өлеңдерін суреттейтін еліміздің танымал суретшілерінің туындыларын қамтитын жинақты сыйға тартты.