Мажарстанның Надьбайом қаласында кеңестік әскери жерлеудің салтанатты ашылуына орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Мажарстанның Надьбайом қаласында кеңестік әскери жерлеудің салтанатты ашылуына орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Надьбайом, 2023 жылғы 24 тамыз – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің қызметкерлері кеңестік әскери жерлеудің қалпына келтіруден кейін салтанатты ашылуына орай гүл шоқтарын қою рәсімдеріне қатысты. Соғыс мемориалының ашылуы бейсенбі күні Мажарстанның Надьбайом қаласында (Шомодь облысы) өтті.

 

Айта кету керек, қазіргі таңда Мажарстан аумағында 140 мыңнан астам кеңес сарбаздары мен офицерлері қаза тауып және жерленген.

Қазақстан Республикасының Елшілігі Мажарстанның аумағында әскери-мемориалдық қызметті тұрақты негізде жүргізеді, оның ішінде Қазақстанның тумалары-жауынгерлердің жерленген жерлерін іздестіруде.