
Будапешт, 19 тамыз 2023 ж. – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдірашов 2023 жылғы 19-27 тамызда Мажарстанда өтетін жеңіл атлетикадан Әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысты.
Бұл Мажарстан тарихындағы 200-ден астам елден 2000 спортшы қатысатын ең үлкен спорттық іс-шара және бұл туралы жаңалықтар бүкіл әлем бойынша миллиардтан астам адамға жетті.
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты - Олимпиада мен футболдан әлем чемпионатынан кейін, әлемдегі ең көп қатысатын және танымал спорттық іс-шаралардың бірі.
Қазақстанды білікті спортшылар ұсынады. Әлем чемпионатында өнер көрсететін құрама:
Жанна Мамажанова - марафон
Надежда Дубовицкая - биіктікке секіру
Кристина Овчинникова - биіктікке секіру
Елизавета Матвеева - биіктікке секіру
Галина Якушева - 35 км, спорттық жүру
Кэролайн Чепкуч Кипкируи - 5000 м и 10000 м
Дейзи Джепкемей - 3000 м кедергілермен
Давид Ефремов - 110 м кедергілермен