Қазақстанның мамандары Будапешттегі Қоршаған орта және денсаулық сақтау жөніндегі министрлік конференциясына қатысты

Қазақстанның мамандары Будапешттегі Қоршаған орта және денсаулық сақтау жөніндегі министрлік конференциясына қатысты

Будапешт, 2023 жылғы 7 шілде - Қазақстандық делегация ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросы, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы және Мажарстан Үкіметі ұйымдастырған қоршаған орта және денсаулық сақтау жөніндегі жетінші Министрлік конференциясының жұмысына қатысты.

Делегация құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рахымжанова және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті экологиялық конвенциялар басқармасының басшысы Карина Балықбаева болды.

Конференция мақсаттары:

  • қоршаған ортаға байланысты денсаулыққа қатысты өзекті қатерлерге қарсы тұру үшін елдер мен секторлар арасындағы нақты бастамалар мен ынтымақтастықты ынталандыру;
  • қоршаған орта және денсаулық сақтау саласындағы міндеттерді шешу үшін жаңа серіктестіктер ұсыну;
  • қоршаған орта және денсаулық сақтау саласындағы саясатты әзірлеуге және практикалық іске асыруға жастардың қатысуын ынталандыру;
  • тұрақты дамудың негізгі қозғаушы күші ретінде зерттеулер мен инновацияларды қолдау;
  • денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын арттыру.

Конференцияның негізгі қорытындысы Будапешт декларациясын қабылдау болды:

  • климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, жер ресурстарының деградациясы және биоәртүрліліктің жоғалуы контекстіндегі денсаулықты қорғау шаралары;
  • пандемиядан кейін сау және әділ қалпына келтіру принциптерін ұстану.