Мажарстан қазақстандықтарды БҰҰ Азық түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының магистрлік бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы саласында білім беруде

Мажарстан қазақстандықтарды БҰҰ Азық түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының магистрлік бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы саласында білім беруде

Будапешт, 2023 жылғы 6 шілде - Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі Мажарстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (FAO) бірлесіп жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы саласындағы аяқталған стипендиялық магистрлік бағдарламаның салтанатына қатысты.

Жобаның түлектері Мажарстанның Ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университетінде (Гөдөллө қ.) өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығының экологиясы, биотехнолог, су ресурстары және т. б. мамандықтар бойынша оқыған Қазақстан, Филиппин, Египет, Нигерия, Гана және т. б. студенттері болды.

Салтанатты Мажарстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Мемлекеттік хатшысының орынбасары Оскар Өкрөш ашты. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыларға Мажарстандағы  азық-түлік тізбегін бақылау органының құрылымы, өсімдіктердің генетикалық ресурстарының стратегиялық рөлі, ауыл шаруашылығы министрлігінің ирригацияны дамытудағы рөлі тақырыптарында презентация өткізілді. Магистранттарға Мажарстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан ұсыныс хаттар табысталды.

2007 жылдан бастап Мажарстан БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының серіктесі, ол 50-ге жуық елді қамтитын халықаралық ауылшаруашылық стипендиясы бағдарламасы арқылы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.

Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі Дана Ғалымжанқызын магистратураның аяқталуымен шын жүректен құттықтайды және оған зор перспективалар мен Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейді!